Журналистерге арналған «Егемен Академиясы» жобасы бастау алды - TOPpress.kz
%AM, %29 %232 %2018 %10:%март

Журналистерге арналған «Егемен Академиясы» жобасы бастау алды

 

«Егемен Қазақстан» газеті жас журналистерге арналған «Егемен Академиясы» жобасын бастады.

«Егемен академиясы» - медиа қызметкерлер мен студенттерге білімдерін шыңдауға, біліктілігін арттыруға және заманауи трендтермен танысуға мүмкіндік беретін оқу алаңы. 

Жобаның мақсаты - қазақтілді басылым мамандарының білімін арттырып, салалық журналистикаға бейімдеу, сондай-ақ өзекті тақырыптар төңірегінде талқылау алаңын кеңейту. Жоба келесі міндеттерді көздейді: журналистика мамандығында оқитын жастардың білімін шыңдау; өңір журналистерінің біліктілігін арттыру; салалық тақырыптар бойынша мамандардың қатысуымен лекциялар мен семинарлар өткізу; қоғамда болып жатқан өзекті тақырыптар бойынша дискуссия алаңын ұсыну; қазақ журналистикасы мәселелерін көтеру.

«Егемен Академиясы» жобасы үздіксіз қызмет етеді және оның шаралары тікелей эфирде Egemen.kz сайтында және әлеуметтік желілерде көрсетілетін болады. Жоба үш айдан тұратын курстарға бөлінген. Әр курс аяқталған кезде өткен сабақтар бойынша танымдық мақала, эссе және сараптамалық материал жазған белсенді қатысушыларға арнайы сертификат табысталады. 

29 наурыз күні жобаның алғашқы маусымы басталды.

Қатысамын деушілер үшін толық ақпарат - https://egemen.academy сайтында.

 

 

Ақпарат www.inform.kz сайтынан алынды

Просмотрено: 73 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика