Қашағанда мұнай өндіру мөлшері өзгерді - TOPpress.kz
%PM, %09 %472 %2018 %16:%апр

Қашағанда мұнай өндіру мөлшері өзгерді

Мұнай-газ кен орнында өндіру көлемі тәулігіне орташа 300 мың баррельден 200-215 мың баррельге дейін азайды.

Қашаған кен орнындағы Д теңіз аралында бірқатар ұңғыма жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкіметте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Мырзағалиев кен орнында түйткілді мәселе жоқ екенін айтты. Жоспарға сәйкес жұмыстар наурыз айының екінші жартысынан бастап жүргізілуде. Олар қыртыс қабаты сараптамасымен байланысты.

"Біз газ айдауды тоқтаттық, өйткені Қашағандағы өндіру көлемі газ айдаумен тікелей байланысты. Өткен жылы біз жер қыртысы бөлігінің өзгеруіне байланысты белгілі техникалық қиындықтарды бақыладық, яғни газ біз ойлағандай қабылданған жоқ.  Соңғы кездері біз оң өзгерістер мен жақсы бетбұрыс байқадық. Технологиялық тұрғыдан жер қыртысындағы пластың өзгерістерін түсіну үшін осындай шешім қабылданды. Сәуір айының ортасына дейін біз алты ұңғыманың жұмысын  және газ жіберуді тоқтаттық", - деді Мырзағалиев.

Ол бүгінде Қашағандағы өндіру мөлшері тәулігіне 300 мың баррельден 200-215 баррельге дейін төмендетілгенін айтты.  Сәуір айының ортасында өндіру көлемі қайта тәулігіне 300 мың баррельге жеткізіледі.

"Қалған уақыт ішінде пласт қыртысы қабылдап жатқанын және еш қиындық  тудырмайтынына көз жеткізсек, онда күз уақытында бірқатар ұңғыманы ауыстыра бастаймыз. Қазір мұнай өндіретін екеуі қарастырылуда. Яғни осы ұңғымаларға пласт айдалып, бұл өз кезегінде мұнай өндірудің мөлшерін ұлғайтады. Бірінші кезеңде мұнай өндіру 370 мың баррельге дейін жетуі тиіс", - деп түйді сөзін Мырзағалиев.

Сондай-ақ энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев "Сарыарқа" магистральды газ құбыры құрылысының жобасы Қазақстан Президентінің бесінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында орындалатынын атап өтті.

"Бірінші кезеңде ұзындығы мың шақырымнан асатын газ құбыры үш облыстың – Қызылорда, Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағы арқылы өтеді", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Вице-министрдің айтуынша, магистральді газ құбыры трассасының бойында орналасқан барлық елді мекендер газбен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қала маңындағы ауылдар тұрғындарының үйлеріне де газ жеткізіледі.

Просмотрено: 25 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика