Елімізде құрылыс материалдары қымбаттады - TOPpress.kz
%AM, %10 %253 %2018 %11:%апр

Елімізде құрылыс материалдары қымбаттады

 

2018 жылдың наурызында құрылыс саласындағы баға 5 пайызға жуық шамада қымбаттады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың наурызында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыстағы баға 4,9, құрылыс-монтаж жұмыстарына  5, машиналар мен жабдықтарға 4, өзге де жұмыстар мен шығындарға 5,8 пайызға өсті.

Жыл басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және құрылымдардың бағасы 0,7 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар I тоқсанында құрылыс ерітінділері 2,1, құм 1,6, жазық илек 1,2, құбырлар  0,8, бояулар мен эмальдар  0,7, кірпіш  0,5 пайызға бағасы көтерілді. Ал ғаныш картон 0,8, портландцемент 0,5, қиыршық тас 0,4 пайызға арзандады.

 


Ақпарат ҚазАқпарат сайтынан алынды

Просмотрено: 53 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика