Ұлттық Банк ақша айырбастау пунктеріне алтын сатып алуға рұқсат бермек - TOPpress.kz
%PM, %12 %482 %2018 %16:%апр

Ұлттық Банк ақша айырбастау пунктеріне алтын сатып алуға рұқсат бермек

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктік емес ақша айырбастау пункттеріне алтын сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін заң жобасын ұсынды.

Сәуір айының 11-і күні Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев Мәжіліс отырысында жаңа заң жобасын ұсынды. Жаңа заң бойынша, банктік емес айырбастау пункттеріне алтын сатып алу мен сатуға және «валюта операцияларына» брокерлік қызмет көрсету келесіміне сүйене отырып қаржы құндылықтарын сенімгерлік басқаруға рұқсат беріледі.

Бұдан бөлек жаңа заң жобасына сәйкес, құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ішкі валюта нарығында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алуға және сатуға құқылы. Заң жобасын 2019 жылдың шілде айының 1-інен бастап күшіне енуі мүмкін.

 

 

Ақпарат qazaqtimes.com сайтынан алынды

Просмотрено: 24 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика