Жастар арасында тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру керек - Әбдіқалықова - TOPpress.kz
%PM, %16 %468 %2018 %16:%апр

Жастар арасында тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру керек - Әбдіқалықова

ОҚО-да ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің көшпелі пленарлық отырысы өтті.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қазақстандық жастар арасында тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру керектігін айтты. Мұндай ойды ол Шымкентте ҚР Президенті жаныныдағы Жастар саясаты кеңесінің көшпелі пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Ең басты жастар арасында тарих, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген қызығушылықты ояту. Ол үшін мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жастар жобаларын, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын және оқытатын орталықтар ашу керек", - деді Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алматы, Астана қалаларының әкімдігі және облыс әкімдіктерімен бірлесе жастарға арналған мәдени-демалыс орындарының материалдық-техникалық базасын күшейтіп, спорт үйірмелеріне ақысыз қатысу мүмкіндігін беру керектігін айтты.

Пленарлық отырыстың күн тәртібінде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясындағы қазіргі қазақстандық жастардың құндылық пайымдары және өзекті аспектілері мен жастардың мәдени – демалыс қызметтерін ұйымдастыру жайықаралды.

Жастармен болған жиында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінде Қазақстандық жастар бейбіт өмірде, әлемнің кез келген мемлекетімен терезесі тең дәрежеде өмір сүріп жатқанын атап өтті.

"Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары мен Үндеулерінде де жастарға айрықша көңіл бөліп келеді. Ал биылғы "Бес әлеуеметтік бастамасы" жастарымызға серпін беріп қана қоймай, студент жастардың кедергісіз білім алуына, сондай-ақ жатақхана мәселесі және болашақта өз кәсібімен айналысуға, баспаналы болуды да қарастырып өтті. Ал біздегі жоғары оқу орындарында 7200-ден астам студент-жастар тұратын 26 жатақхана қызмет көрсетеді. Соңғы екі жылда облыста екі мемлекеттік жоғары оқу орнында 1000 орындық жатақхана соғылып, пайдалануға берілді. Ал ағымдағы жылдың ІІ жарты жылдығында студент жастарымызға арналған тағы да екі жатақханың құрылыс жұмыстарын бастау көзделіп отыр", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, әкім Шымкент қаласы аумағында ең үлкен  "Қазақ жаңа инновациялық университет" салу жоспарланып жатқанын мәлім етті. Бүгінде білім ордасына 150 га жер бөлініп отыр екен. Он мыңға жуық студенттер білім алатын инновациялық университетте барлық салалар қамтылып, студенттерге жатақханалар, тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар салу қарастырылған.

Жиында қоғамдық сананы жаңғырту және жастардың мәдени – демалыс қызметтерін ұйымдастыру туралы Дін істері және азаматтық қоғам, Мәдениет және спорт министрлері мен "Жас Отан" жастар қанатының, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысының төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Бүгінде жалпы облыстағы жастардың саны 750 мың шамасында, яғни, облыс халқының жалпы санының 26 пайызын жастар құрайды. Сондықтанда  жастарды жұмыспен қамту жергілікті биліктің басты назарында. Мәселен, "Дипломмен ауылға", "Жастар практикасы", "Серпін", "Жасыл ел" секілді жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда Оңтүстік өңірі алдыңғы қатарда. Атап айтар болсақ "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 905 жас маман, "Жастар практикасы" бойынша 5204 жас жұмысқа орналасты. Ал "Серпін" бағдарламасы бойынша бөлінген 15 мыңнан астам мемлекеттік гранттың 50 пайызы немесе 7587-сі Оңтүстік жастары. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланушы жастардың саны да күннен күнге артып, 2015 жылмен салыстырғанда 53,1 пайызға артқан.

Просмотрено: 9 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика