Елімізде инсульт орталығы ашылады - TOPpress.kz
%PM, %17 %418 %2018 %15:%апр

Елімізде инсульт орталығы ашылады

 

Биыл Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы орталығында компьютерлік томографпен жабдықталған инсульт орталығы ашылады.

Норматив бойынша өңір тұрғындарына 5 инсульт орталығы қызмет көрсетуі тиіс. Қазіргі таңда Өскеменде ІІІ деңгейлі 2 орталық және Семейде ІІ деңгейлі 1 орталық бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорановтың айтуынша, аз уақытта Аягөз бен Зыяран қалаларындағы орталық ауруханалардың базасында ІІ деңгейлі 2 инсульт орталығы ашылады.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, Аягөздегі аудандық аурухана аймақтық перинатальді көмек көрсетудің ІІІ дейгейіне өтеді. Ол үшін облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Аягөздегі инсульт орталығына 64 кескінді компьютерлік томограф, реанимациялық және оңалту жабдықтары сатып алынады. Қажетті қаражат - 600 миллион теңге. Аягөзде Үржар, Тарбағатай, Жарма аудадарының халқы, ал Зырянда Күршім мен Катон-Қарағай аудандарының тұрғындары ем қабылдайтын болады.

Қалған 440 миллион теңгеге жаңа туған сәбилердің, оның ішінде шала туған нәрестелердің қарашығын толық зерттеуге арналған RetCam торлы камерасы алынады. Сонымен қатар, жүктілік кезінде және босанудан кейінгі ана мен баланың жағдайын бақылайтын фетальды монитор орнатылмақ.

«Бюджеттен медициналық құрал-жабдық алу үшін 440 миллионға жуық теңге қарастырдық. Енді Аягөзге жақын маңда орналасқан аудандар ауыр халдегі науқастарды Семей мен Өскеменге тасып әуре болмайды. Мұнда «ана мен сәби» бөлімі, сондай-ақ, «неонаталдық блок» жұмыс істейді. Барлығы халықаралық стандартқа сай болады», - деді Даниал Ахметов.

Просмотрено: 15 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика