Биылғы ораза мамырдың 16-сына емес, 17-сіне басталады – Қазақстанның бас мүфтиі - TOPpress.kz
%PM, %14 %488 %2018 %16:%мая

Биылғы ораза мамырдың 16-сына емес, 17-сіне басталады – Қазақстанның бас мүфтиі

Серікбай қажы Ораз осы жылғы Рамазан айының басталатын күнін хабарлады.

Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз осы жылғы Рамазан айының нақты басталатын күнін хабарлады, деп хабарлайды  toppress.kz

Ол биыл Қазақстан мұсылмандар басқармасы кеңесінің ғалымдары аталған шешімді Шариғат заңы бойынша, отандық астрофизика орталығының мәліметіне сүйене отырып шығарғанын атап өтті.

"16 мамыр күні кешке тарауық намазы оқылады. 17 мамыр қасиетті Рамазан айының алғашқы күні деп бекітілді. Толық ақпаратты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ресми сайтынан алуға болады", - делінген Серікбай қажы Ораздың қазақстандықтарға жасаған видеоүндеуінде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы уақытының өзгеруіне байланысты 2018 жылғы Қазақстан аймақтарының Рамазан айындағы ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын ұсынды.

Барлық аймақ бойынша ораза және намаз кестесі muftyat.kz сайтында жарияланған.

Просмотрено: 129 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика