Сағынтаев "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді - TOPpress.kz
%PM, %14 %498 %2018 %16:%мая

Сағынтаев "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында экологиялық ахуалды жақсарту және "жасыл" экономикаға сапалы көшуді қамтамасыз етудің тұжырымдамалық тәсілдері, Қазақстанның "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманың 2013–2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ Кеңестің осы жылы атқаратын жұмыс жоспарының кестесі қаралып, бекітілді және Кеңестің 2017 жылғы 19 қазандағы Хаттамасының орындалу нәтижелері қаралды.

Күн тәртібі бойынша ҚР Экологиялық ұйымдарының қауымдастығы төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, "KazWaste" қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры В. Мұстафина, "Жасыл Академия" ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Есекина және т.б. сөз сөйледі. БҰҰДБ-ның "жасыл экономикаға" көшудегі тәжірибесі туралы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимасе Шимомура мырза айтып берді.

Просмотрено: 21 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика