Көкшетауда бесінші қабаттан секіріп кеткен зейнеткер әйел қайтыс болды - TOPpress.kz
Вторник, 15 мая 2018 13:07

Көкшетауда бесінші қабаттан секіріп кеткен зейнеткер әйел қайтыс болды

Әйел адам алған көптеген жарақат салдарынан қайтыс болды.

Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп кеткен 60 жасар әйел адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Toppress.kz сайта BNews.kz-ке сілтеме жасап.

Зейнеткер әйелдің алған жарақаты туралы Ақмола облыстық ауруханасы хирургия және төтенше жағдайлар бөлімшесі бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков телефон арқылы айтып берді.

"Пациент алған көптеген жарақат салдарынан қайтыс болды. Әйел адам жабық бас сүйек-ми жарақатынан басқа да көптеген жарақат алған: миы шайқалған, бірқатар өте ауыр жарақат алған – қол-аяғы сынған, құрсақ және көкірек қуысы зақымданған, зақымданудан есеңгіреп, геморрагиялық шок алған және тағы басқа", - деді Дмитрий Чайков.

 
 
Просмотрено: 141 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика