Назарбаев АЭФ қонақтарын "Астана" қаржы орталығының ашылу рәсіміне шақырды - TOPpress.kz
Четверг, 17 мая 2018 15:40

Назарбаев АЭФ қонақтарын "Астана" қаржы орталығының ашылу рәсіміне шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумының қатысушыларын "Астана" қаржы орталығының ашылу рәсіміне шақырды. Ресми ашылу салтанаты 5 шілдеде өтеді, деп хабарлайды Toppress.kz сайты BNews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл "Экспо-2017" халықаралық көрмесі өткен жерде құрылған тәуелсіз хаб. Ол қазіргі уақытта ашық. Бүгінгі мүмкіншілікті пайдалана отырып Сіздерді аталған орталықтың ағымдағы жылғы 5 шілдеде өтетін ресми тұсаукесеріне шақырамын", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумы - жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы.

Өзінің ауқымы бойынша бүкіл Еуразия кеңістігінде теңдесі жоқ бұл форум әлемдік көшбасшылардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басын қосады.

Бүгінде  бұл қауымдастық әлемнің 120 елінің ғалымдары мен практиктерін, әлем ойшылдарын, саясаткерлерді, халықаралық ұйымдарды, ғылыми-зерттеу орталықтары басшыларын және іскерлік орта өкілдерін біріктіреді.

Бірінші рет 2008 жылы өткен Форум дүниежүзілік экономика мен қаржы жүйесін оңалту және дамыту  мәселелерін талқылауға арналған ықпалды халықаралық алаңдардың бірі мәртебесін иеленіп үлгерді.   

Өткен уақыт аралығында Форумға 150 елден 43 мыңнан астам делегат қатысты. Жалпы көлемі 17,8 млрд доллардан астам қаражат болатын 280 меморандум мен келісімге қол қойылды, Еуразиялық іскерлік конгресі, дүниежүзілік МЖК орталығы және Нобель сыйлығы лауреаттарының  Астаналық клубы құрылды. 

Просмотрено: 158 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика