XV Еуразия медиа форумында Абаев президенттің сөзін оқып берді - TOPpress.kz
Среда, 23 мая 2018 17:47

XV Еуразия медиа форумында Абаев президенттің сөзін оқып берді

 

Алматыда өтіп жатқан XV Еуразия медиа форумыны Н.Назарбаевтың алғысөзімен ашылды.  

«Мерейтойлы XV Еуразия медиа форумының ашылуымен құттықтаймын. Жыл сайын форум медиа саласындағы кәсіби мамандарды жинап, түйткілді мәселелерді талқылайды. Биылғы күн тәртібіндегі «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және өзгеріc әкелген әлем» тақырыбы 2018 жылы Астана экономикалық форумында да қозғалып, журналистер қауымдастығының жаһандық ақпарат картиналарының маңызды аспектілері туралы пікір алмасуға мүмкіндік береді», - деді Абаев.

Ол әлем өзгеріп жатқан жағдайда геосаяси қарама-қайшылықтар мен жаңа технологиялық мүмкіндіктер журналистика саласына үлкен жауапкершілік артылып отырғанын айтты.

«Классикалық журналистикадағы нақты сын-тегеурін ол – тәуелсіз блогерлер мен әлеуметтік желідегі материаларды аудитория ақпараттың баламалы көздері ретінде қараған кезде сенім дағдарысы  пайда болады. Соған сәйкес, дәстүрлі БАҚ-тың бәсекедегі артықшылығы әрдайым жоғары кәсібилік пен ұсынылатын контенттің сапасына негізделеді. Ақпаратты тек сенімді, дұрыс жеткізу мен жалған жаңалықтарды анықтау аудиторияны өзіне тартып, объективті ақпарат көзі ретінде БАҚ-тың беделін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін ақпаратқа деген қолжетімді ашық арналарды дамыту мен барлық туындайтын проблемаларды шешуде серіктестіктікке жағдай жасайтын үздіксіз диалогты қолдау маңызды. Журналист мамандығы қоғамға қызмет етіп, жоғары этикалық және моральдық-өнегелік  сапада қалуы тиіс. Еуразия медиа форумында барлық өзекті мәселелерді жоғары деңгейде талқылау мүмкін болмақ. Форумның кәсіби құрамы мен көрнекілгі барлық қатысушыларға пайдалы болатын пікірлер мен тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді», - деп Абаев Мемлекет басшысының сөзін түйіндеді.

Сондай-ақ шараның ресми ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Б.Байбек сөз алды. «Біздің көз алдымызда геосаяси, өркениетаралық қақтығыс күшейе түсуде. Өкінішке қарай, халықаралық саясаттың құралы ретінде тас дәуірінің құралдары мен қауіп-қатерлер алдыңғы қатарға шығып отыр. Әлемдік БАҚ көбінесе өздерінің зор мүмкіндігіне байланысты ғаламдық және өңірлік кикілжіңдердің негізгі құралы болып жатады. «Фейк» жаңалық көп жағдайда әділеттілік пен жауаптылықтың орнын басуда. Бүгінгі БАҚ-тың әсері соншалық олар қоғамдық пікірді ғана емес, сонымен қатар санамызды өзгертіп, адам ұстанымына әсер етеді. Алайда орын алып жатқан өзгерістерде іргелі және жаһандық сипатта алдымен мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы басым. Сондықтан да қарыштап дамуда секциялық пен әріптестік, сенім мен жауапкершілік негізгі факторлар болып қала беретінін сенімдімін», - деді Байбек ЕАМФ ашылуында.

Ол еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап халықаралық ынтымақтастық сенім қағидаларын ұстанатынын, ел Президентінің  сарабдал саясатының арқасында Қазақстан Еуразия медиа форумы секілді әртүрлі маңызды әлемдік мәселелерді қарастыратын диалог алаңына айналғанын атап өтті.

«Бүгінгі ақпарат құралдары әлемдік қауымдастықты әртүрлі себеп төңірегінде шоғырлануға, адамзаттың әрі қарай дамуының негізгі шеңберін көрсетуге, диалог мәтінін тек ынтымақтастық тұрғыдан кеңейтуге, жалпы айтқанда әлемді жақсартуға қызмет етеді. Осы форум жан-жақты талқылауға жағдай жасай отырып ашықтық пен ынтымақтастық негізінде түйткілді мәселелерді тиімді шешу жолдарын табуға көмектеседі», - деді Алматы қаласының әкімі.

 

Просмотрено: 133 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика