Абаев "Рухани жаңғыру" логотипіне қатысты пікір білдірді - TOPpress.kz
Вторник, 29 мая 2018 16:53

Абаев "Рухани жаңғыру" логотипіне қатысты пікір білдірді

Министрдің айтуынша бұл мәселе қаралатын болады.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Рухани жаңғыру" бағдарламасының логотипіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Toppress.kz сайты BNews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Біз оны қарап жатырмыз. Сіздерге жеке айтатын боламыз. Иә, шынында да, екі логотип бір-біріне ұқсайды. Ол ұқсастықты өте маңызды деуге болады, бірақ ол плагиат деген сөз емес. Мұнымен жеке айналысатын боламыз", - деді Абаев Үкіметте журналистере берген сұхбатында.

Министр суреттердің бір-біріне ұқсастығы күтпеген жағдай болғанын айтты.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының ресми логотипінің әлеуметтік желі қолданушылары франциялық L'Aigle De Patmos Theatre ұйымының белгісіне ұқсастығы туралы жазған болатын. Сонымен қатар, франциялық ұйымының логотипі интернетте 2009 жылдан бастап жүргені белгілі болды.

Просмотрено: 143 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика