Еліміздің солтүстік аймақтарында дауылды ескерту жарияланды - TOPpress.kz
Четверг, 31 мая 2018 16:23

Еліміздің солтүстік аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

1-2 маусымда Ақмола облысында дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85 %.

1 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, болады деп хабарлайды Toppress.kz сайты BNews.kz-ке сілтеме жасап.

2 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерде найзағай, 2 маусымда дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Астанада күндіз 1-2 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 2 маусымда екпіні 23-28 м/с. 2 маусымда найзағай, күндіз дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысында да дабылды ескерту жарияланды. Оның ықтималдылығы 90-95 %.

1-ші маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыска ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Солтүстік Қазақстан облысында да ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Ықтималдығы 90-95 %. 1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде көптеген жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. Жаңбыр жауып,  кей жерлерде найзағайлы дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Петропавлда түнде 1 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні  25 м/с күтіледі. Жаңбыр, найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. 

 
 
Просмотрено: 162 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика