Қызылордада ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған митинг өтті - TOPpress.kz
Четверг, 31 мая 2018 16:51

Қызылордада ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған митинг өтті

Митингте құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел тарихында миллиондағанқазақтардың өмірін қиған бірқатар қайғылы оқиғалар орын алғанын атап өтті, деп хабарлайды Toppress.kz сайты BNews.kz-ке сілтеме жасап.  Олардың бірі – 30-шы жылдарындағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық.

"Бір ғана Қызылорда облысында барлығы 10920 ірі қара, 47299 ұсақ мал тәркіленіпті. Мұрағат қорындағы облыстық прокуратураның 1937-1938 жылдардағы құпиясыздандырылған құжаттардағы деректері бойынша НКВД үштік сотымен 1937-1938 жылдары халық жауы деген жаламен 314 адам, оның 110-ы партия қатарынан сотталып жазаланған екен. Тарихшылардың бағалауынша, одақ бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды", - деді аймақ басшысы.

Митингте құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Сондай-ақ, кешке Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Рахымжан Отарбаевтың "Нарком Жүргенов" спектаклінің қойылымы өтеді. 

Просмотрено: 145 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика