Жыл соңына дейін елордадағы барлық жедел жәрдем көліктері сары түске боялады - TOPpress.kz
Среда, 06 июня 2018 14:36

Жыл соңына дейін елордадағы барлық жедел жәрдем көліктері сары түске боялады

 

Бүгін Астана қаласы жедел жәрдем стансасында арнайы дыбыстық дабылы бар ақ түстен сары түске боялған 10 жедел жәрдем көлігі таныстырылды, хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Астана қаласы медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Тимур Мұратов тілшілерге жедел жәрдем қызметіне қатысты енгізілген жаңа стандарттармен таныстырып, санитарлы көлікті жарық шағылыстыратын күлгін элементтері бар сары түске бояудың себептерін түсіндірді.

«Біздің елдің мамандары халықаралық тәжірибені зерттеді. Сараптама дамыған елдерде қанық сары түске боялған жедел жәрдем көлігінің көптеген көліктер ағымында көзге бірден түседі. Сол себепті де ол оқиға орнына тез арада жетеді. Қазіргі таңда еліміздің барлық қалаларында жедел жәрдем көліктері сары түске боялып жатыр. Жыл соңына дейін жедел медициналық жәрдем стансасының автопаркіндегі көліктердің барлығы осындай болады», - деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, ол көліктердің қай уақытта және қандай жағдайда арнайы дыбысты сигналды қосатыны туралы айтып берді.

«Жедел жәрдем көлігінің арнайы дабылды құрылғысы таңғы 8:00-ден 23: 00-ке дейін қосылатын болады. Оны тек қана науқасты тасымалдаған кезде, науқасқа бара жатқан кезде қосуға болады. Басқа уақытта егер бригада жұмысын бітіріп, базаға қайтып бара жатса, онда барлық сигналдар өшіріліп тұрады. Сағат 23-тен кейін арнайы дабылы емес, оның тек жарық шағылыстырушы құрылғысы ғана қосылады», - деп мәлімдеді Тимур Мұратов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері бірыңғай стандарттарға сай сары түске боялуы тиіс.

Просмотрено: 32 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика