Сенатта зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер қаралды - TOPpress.kz
Среда, 06 июня 2018 17:06

Сенатта зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер қаралды

Заң жобасының мақсаты зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Toppress.kz сайты BNews.kz-ке сілтеме жасап. 

Заң жобасының мақсаты зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, оның нысандарын тіркеу рәсімдерін оңайлату, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау саласында әкімшілік кедергілерді туындататын ережелерді алып тастау болып табылады. Заң жобасымен бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Құжатпен тауар белгілеріне құқықтар бұзылған кезде залалды өтеудің орнына өтемақы төлеу институты енгізіледі. Құқық иеленушінің құқықтары бұзылған жағдайларда, бұзушылықтың сипатын, біртектес тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, ол залалды өтеудің орнына талап етуге құқылы өтемақының сот белгілейтін мөлшерін айқындау ұсынылады. Сонымен қатар, Заң жобасымен тауар белгілеріне өтінімдер сараптама ұйымына келіп түскен кезден бастап оларды міндетті түрде жариялау туралы жаңа ереже енгізіледі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Просмотрено: 34 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика