Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - TOPpress.kz
Четверг, 07 июня 2018 10:25

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Кей аймақтарда жел екпіні күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, тек солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста күн райы ашық болады, деп хабарлайды Toppress.kz сайты BNews.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, сондай-ақ солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Қостанай облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады деп болжанады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары деңгейдегі өрт қаупі болуы мүмкін.

Просмотрено: 362 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика