Менингиттен сауыққан баланың анасы: Жедел жәрдем 10 минутта келді - TOPpress.kz
Пятница, 08 июня 2018 10:09

Менингиттен сауыққан баланың анасы: Жедел жәрдем 10 минутта келді

Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында Заңғар Асқарұлы есімді бала менингиттен сауығып келеді. Оған іріңді менингит диагнозы қойылған. Бұл жайында Zakon.kz жазады. Баланың анасы Гүлнұрдың айтуынша, бала инфекцияны аулада ойнап жүргенде жұқтыруы мүмкін.

— Заңғар жобамен 23 мамырда ауырып қалды. Біз сол арада жедел жәрдем шақырдық. Олар 10 минутта келді. Ауруханаға барған соң 30 минутта барлқы сараптама жасалды, - дейді Заңғардың анасы.

Бала ауруханаға жедел тыныс жолдарының вирустық инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жеткізілген, алайда дәрігерлер ине арқылы баланың ауруын анықтауды ұсынған.

— Мен баламның қауіпсіздікте екеніне 100 пайыз сенімді болғым келді. Сондықтан дәрігерлердің айтқанына келісімімді бердім. Нәтижессінде менингитті анықтады, - дейді Гүлнұр.

Просмотрено: 455 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика