Оралда әйелді балғамен өлтірмек болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты - TOPpress.kz
Пятница, 08 июня 2018 16:48

Оралда әйелді балғамен өлтірмек болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

 

7 маусымда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта адам өлтірмек болған Орал қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Toppress.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

 Сот материалында көрсетілгендей, 8 наурызда зардап шегуші әйел айыпталушының үйіне барып, ішімдік ішкен. Екеуінің арасында дау-дамай туындап, ақыры төбелесуге дейін барады. Ер адам әйелді балғамен сегіз рет ұрып, аяғымен тепкілеген.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, зардап шегуші ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оған шұғыл түрде ота жасап, соның арқасында тірі қалды.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, сотталушы зардап шегуші әйелге 800 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі керек.

 

 

 

Просмотрено: 21 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика