Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел екпіні күшейіп, күн бұлтты болады - TOPpress.kz
Понедельник, 11 июня 2018 10:27

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел екпіні күшейіп, күн бұлтты болады

Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстік пен солтүстік батыста тұман күтіледі.

11 маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды  Toppress.kz сайты BNews.kz-кесілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда, ал Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертен найзағай ойнап, дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, кей жерлерінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Найзағай, дауыл, тұман күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Аталған аймақтардың кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай мен Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, ал Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі күшейеді.

Просмотрено: 159 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика