«Қарызын өтей алмаған» павлодарлық 16-қабаттан құлап мерт болды - TOPpress.kz
Понедельник, 11 июня 2018 15:41

«Қарызын өтей алмаған» павлодарлық 16-қабаттан құлап мерт болды

 

Бүгін 1987 жылғы павлодарлық жоғары қабаттан құлап, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Toppress.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы агенттік тілшісіне куәгерлер хабарлады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша, азамат 16-қабаттан құлаған.

«Оқыс жағдайға қатысты шақырту облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына бүгін сағат 12.50-те түсті. Дәрігерлер бригадасы Кутузов көшесі 53-ші үйге жедел жетті. Өкінішке қарай, жігіт тілге келместен көз жұмды. Мамандар адамның биологиялық өлімін тіркеді», - дейді Эльмира Темірғалиева.

Куәгерлердің пайымдауынша, азаматтың 16-қабаттан секіруіне мойнындағы қарыздары себеп. Тұрмыстық мәселелер туындаған, осындай қадамға барған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын ішкі істер органдарының мамандары анықтап жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін облыс орталығында осы тектес оқиға болған. Шамамен 30 жастағы ер азамат ашуланып, үшінші қабаттан секіріп кетуді көздеген. Абырой болғанда, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған тұрғынды дәрігерлер құтқарып қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 жастағы павлодарлық өңірдегі психоневрологиялық диспансердің есебінде тұр. Суицид жасамақшы болған кездегі психикалық жағдайы ушығып кеткен.

 
 
Просмотрено: 140 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика