Қазақстанның елтаңбасына өзгеріс енуі мүмкін - TOPpress.kz
Вторник, 12 июня 2018 10:05

Қазақстанның елтаңбасына өзгеріс енуі мүмкін

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша сенат комитетінің кеңейтілген отырысында конституциялық заңдар мен таңдаулы заңнамаға енгізілетін түзетулер қарастырылды, деп хабарлайды Toppress.kz сайты Qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Дәлірек айтсақ, "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Заң жобасы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңына түзету енгізбек: мемлекеттік елтаңбадағы "Қазақстан" сөзі латын әріптерімен жазылатын болады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге тапсырма берген болатын.

Тәуелсіз Қазақстан елтаңбасының авторлары – белгілі архитекторлар Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Просмотрено: 337 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика