Қазақстан ресейлік бензиннен бас тартады - TOPpress.kz
Четверг, 21 июня 2018 14:40

Қазақстан ресейлік бензиннен бас тартады

 

Қазақстан Ресей елінен жанармай тасымалдауды уақытша тоқтатпақ. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Ведомство басшысы тараптар арасында қазір келіссөз жүргізіліп жатқанын айтады. Барлығы сәтті өтсе, онда осы аптаның соңында елімізге ресейлік жанармай кіргізілмейтін болады.

Біздің елдің мұндай шешім қабылдауына – отандық бензин мөлшерінің көптігі себеп болған. Қазақстан басшылығы алдымен отандық жанармаймен ішкі нарықты толық қамтуды көздеп отыр. Артылар болса, сыртқа тасымалдау да жоспарда бар. Осы тұста, Қанат Бозымбаев Ресейден жанармай тасымалдау уақытша тоқтатылса да, елімізде бензин тапшылығы болмайды деп сендіріп отыр.

Әзірге тараптар арасындағы бұл келісімнің бензин құнына қаншалықты әсер етеніні белгісіз. Егер отандық жанармай көлемі азаяр болса, онда бағаның күрт көтерілетіні сөзсіз.    

 

Ақпарат “The Qazaq Times”  сайтынан алынды

Просмотрено: 57 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика