Астана көшелерінде тегін бауырсақ таратыла бастады - TOPpress.kz
Вторник, 13 марта 2018 14:02

Астана көшелерінде тегін бауырсақ таратыла бастады

 

Астанада Наурыз мейрамын тойлауға орайластырылған "Бауырсақ Time" деп аталатын фестиваль басталды. Еріктілер қала тұрғындары мен қонақтарына тегін бауырсақ таратып, сый көрсетуді бастап кетті, деп хабарлайды BNews.kz "Сарыарқа" ауданының әкімі Арман Тұрлыбектің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

"Біз Астананың 20 жылдығы аясында және "Сарыарқа" ауданы өзіміздің аудан бойынша Наурыз мейрамын тойлауға орайластырылған "Бауырсақ Time" фестивалінің жаппай акциясын бастадық. Бұл жай ғана фестиваль емес, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдениеті мен қонақжайлық дәстүрін дәріптеумен қатар, оның ұлттық тағамдарын таныстыруға және қайырымдылыққа бағытталған жоба. "Бауырсақ Time" фестивалі бүгіннен басталды және бір апта бойы жалғасады", - деп жазды Арман Тұрлыбек.

Еріктілер күн сайын 4000-нан астам бауырсақ таратады. "Бауырсақ Time" акциясының соңғы бөлімі 17 наурызда сағат 12:00-де елордалық Арбатта өтеді. Сонымен қатар, сол жерде әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт те ұйымдастырылады.

"Фестиваль аясында біз 25 мыңнан немесе бір тоннадан астам бауырсақ пісіруді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті әкім.

 

Просмотрено: 157 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика