Алматы зообағында дүңгіршектердің саны азаймақ - TOPpress.kz
%PM, %10 %301 %2018 %12:%апр

Алматы зообағында дүңгіршектердің саны азаймақ

 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек зообақ нысандарының бірыңғай стилін қалыптастыру туралы бастаманы қолдады. 

Алматы зообағында арзанқол ойыншықтар мен қаптаған донер дүңгіршектер саны азайады. Бұл туралы мәслихат депутаты Ержан Еркінбаев Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы әкімі Бауыржан Байбек зообақ нысандарының бірыңғай стилін қалыптастыру туралы бастаманы қолдады.

«Біздің зообақтағы 30 дүңгіршектің санын 10-ға дейін қысқарту және бірыңғай стиль қалыптастыру туралы бастамамызды қала әкімі қолдады. Зообақта нысандар бірыңғай әрі функционалды болуы тиіс. Біз жалға алу ақысын төмендетуге дайынбыз», - деді Ержан Еркінбаев.

Айта кету керек, Алматы зообағы соңғы 2 жылда үлкен өзгерістерді бастан кешірді. Атап айтқанда, жануарлар қамалған торлар ыңғайлы вольерлерге ауыстырылды.

Өткен айда экзотариум бөлігі толығымен қайта жасалды.

Сонымен қатар, акула тұқымдастар мен медузаларды тамашалуға мүмкіндік беретін аквариум ашылды.

Просмотрено: 32 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика