Алматыда студенттерге 6000 жатақхана орны жетіспейді – Бауыржан Байбек - TOPpress.kz
%PM, %11 %535 %2018 %17:%апр

Алматыда студенттерге 6000 жатақхана орны жетіспейді – Бауыржан Байбек

Қаладағы тағы алты университетке арналған жатақхана салу жоспарланып отыр.

Алматыда студенттерге жатақханалардың жетіспейтіндігі белгілі. Жалпы 6000 орын жетіспейді. Бұл туралы қоғамдық кеңес барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Өткен жылы жергілікті билік өкілдері жастардың мәселесімен жүйелі түрде айналысты. 2017 жылы Алматыда жастар жылы деп жарияланды. Жастарды 2020 жылға дейін қолдау бойынша жол картасы қабылданды. Аталған құжат аясында маңызды мәселелер белгіленді. Солардың ішінде ең бастысы – студенттерге арналған жатақхана.

"Біз 2017 жылы жатақханалардан шамамен 2000 орын бердік. Алматыда студенттерге жатақханалардағы орындардың тапшылығы қатты байқалады. Біз жүйелік сараптама жасадық. Қазіргі кезде 6000 орын тапшы екені анықталды. Өткен жылы біз жатақхана құрылысы бойынша жобаны іске қостық, оның бір бөлігі "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ арқылы қаржыландырылады. Қазіргі уақытта үш ЖОО-мен келісіп, меморандумға қол қойылды. Құрылысқа қажетті жер бар, біз қаржыландырамыз, жатақханалар салынатын болады. Сонымен қатар, қаладағы тағы алты университетке арналған жатақхана салу жоспарланып отыр. Бұл қажеттілікті 5800 орынға азайтады", - деп мәлімдеді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, қала басшысы жастарға арналған тұрғын үйге қатысты мәселені қозғады. Мысалы, 2017 жылы "Алматы жастары" атты бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарламаға сәйкес, жас отбасылар алғашқы жарнасыз 5%-бен берілетін несие алады.

"100 жас отбасы пәтер алды. Өте көп сұраныс болды. Олардың арасында жұмыс істеп, ақша жинап жүрген мұғалімдер, дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлер көп. Былтыр жергілікті бюджеттен бір млрд теңге бөлінді және соның тиімділігі байқалған соң, биыл тағы да екі млрд теңге бөлеміз", - деп сөзін түйіндеді қала әкімі.

 
Просмотрено: 26 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика