ОҚО-ның бұрынғы прокуроры оқытушының өліміне күдікті ретінде қамауға алынды - TOPpress.kz
Понедельник, 14 мая 2018 16:52

ОҚО-ның бұрынғы прокуроры оқытушының өліміне күдікті ретінде қамауға алынды

Шымкенттің ЖОО-ларының бірінде болған адам өліміне қатысты толығырақ ақпарат белгілі болды: әйел адам өзінің туған күнінде қаза тапты.

Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ экономика факультеті мұғалімінің өліміне ОҚО аудандық прокуратурасының экс-прокуроры күдікті деп танылып отыр, деп хабарлайды Toppress.kz сайты BNews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстанов айтып берді.

"Аталған қылмыстық істі жасады деп ОҚО аудандық прокуратурасының бұрынғы қызметкері Қанат Исаұлы күдіктеліп отыр", - деді Ғани Байарыстанов.

Қайғылы оқиға болған күні әйел адам 31 жасқа толған. Сондай-ақ, күдікті қаза тапқан әйелдің күйеуі екені белгілі болды. Ол әйелінен 10 жасқа үлкен болған.

ЖОО-дағылар оқиға студенттер мен университет қызметкерлерінің көзінше болғанын айтты.

Бұған дейін Шымкентте ер адам Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ мұғалімін пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. Қайғылы оқиға 11 мамыр күні ЖОО-ның ғимаратында орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, мұғалімге пышақ салмас бұрын ер адам экономика факультетінің оқытушысымен қатты сөзге келген. Ұрыс салдарынан ол әйел адамға бас салып, көкірек тұсына бірнеше рет пышақ салған. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шегушіні облыстық клиникалық ауруханаға жеткізген. 

Просмотрено: 172 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика