Шымкент университетінде ер адам мұғалімді пышақтап өлтірді - TOPpress.kz
Понедельник, 14 мая 2018 16:55

Шымкент университетінде ер адам мұғалімді пышақтап өлтірді

Қайғылы оқиға 11 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-да болған.

Шымкентте ер адам Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ мұғалімін пышақтап өлтірді. Қайғылы оқиға 11 мамыр күні ЖОО-ның ғимаратында орын алған, деп хабарлайды Toppress.kz сайты BNews.kz-ке сілтеме жасап. 

Куәгерлердің сөзінше, мұғалімге пышақ салмас бұрын ер адам экономика факультетінің оқытушысымен қатты сөзге келген. Ұрыс салдарынан ол әйел адамға бас салып, көкірек тұсына бірнеше рет пышақ салған.

Оқиға орнына бірден жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шегушіні облыстық клиникалық ауруханаға жеткізген. 

"Зардап шегушінің көкірек қуысына бес рет пышақ салынған. Облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілгенде әйел адам әлі тірі болғанымен, жағдайы өте ауыр болды. Оны бірден ота жасау бөлімшесіне алып кетті", - деді Медициналық жедел жәрдем станциясының ауысымдағы аға дәрігері.

Пышақпен салынған жарақат өте ауыр болғандықтан, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол ота жасайтын үстелде қаза тапты. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

"Адам өлтіру фактісі бойынша полицияның Әл-Фараби бөлімінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, күдікті қамауға алынды. Тергеу жұмыстары барысында қайғылы оқиғаның мән-жайы толық анықталатын болады", - деді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

 
 
Просмотрено: 331 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика