Геннадий Головкин P4P белбеуіне ие болды - TOPpress.kz
Пятница, 08 июня 2018 10:37

Геннадий Головкин P4P белбеуіне ие болды

 

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34КО) The Ring белді журналының тұжырымы бойынша pound-for-pound (P4P, барлық салмақ дәрежесі бойынша) чемпиондық белбеуін алды. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Головкин жаңа белбеуімен Instagram парақшасында бөлісті. «Бұрыннан-ақ алуым керек едім», - деп бөлісті қазақстандық The Ring марапатымен түскен суретін жариялап.

Айта кетейік, GGG журналдың тұжырымы бойынша P4P рейтингінде көш бастап тұр.

Бұдан бұрын The Ring бас редакторы Луглас Фишер Головкинге бұл белбеуді 6 маусымда Hollywood Fight Night бокс кешінде табыстайтынын айтқан болатын.  Бұл кешті қазақстандық боксшының ісін жүргізетін Том Леффлер бастаған 360 Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

Еске салайық, 6 маусым күні Головкин орта салмақтағы чемпиондық бір белбеуінен айырылған еді. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) одан ұйымның чемпион титулын алып қою туралы шешім қабылдады. Оның басты себебі - GGG-дің IBF белбеуін қорғау үшін 3 тамызға дейін украиндық Сергей Деревянченкомен кездесу өткізуге жазбаша келісім беруден бас тартуы.

Осылайша, орта салмақтағы IBF титулы бос қалды. Таяу уақытта ұйым екі жетекші үміткерді анықтап, оларды айқас туралы келіссөздер жүргізуге міндеттейді. Бұдан бөлек, Головкинге ұйымның шартын орындамағаны үшін айыппұл салынады.  Бұған қарамастан қазақстандық үш тұжырым  бойынша - WBA (Super), WBC және IBO орта салмақтағы әлем чемпионы болып қала бермек. 


Просмотрено: 432 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика