Алжирде әскери ұшақ құлады: қаза тапқандар саны 200-ден асуы мүмкін - TOPpress.kz
%PM, %11 %527 %2018 %17:%апр

Алжирде әскери ұшақ құлады: қаза тапқандар саны 200-ден асуы мүмкін

Алжирде бортында 200-ден астам адамы бар әскери ұшақ құлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі dailysabah.com сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ұшақ апатынан кем дегенде 150 адам қаза тапты.

Alg24 порталы Ил-78 ұшағы апатқа ұшырағанын жазады. Төтенше жағдай Блида қаласына жақын маңдағы ауыл шаруашылық аумағында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08:00 кезінде болған.

Оқиға орнына 14 жедел жәрдем қызметі жіберіліп, жақын маңдағы жол қозғалысы тоқтатылды.

Еске сала кетсек, наурыз айында Мәскеу қаласынан Орск қаласына ұшып шыққан Saratov Airlines əуе компаниясына қарасты ұшақ апатқа ұшырап, 71 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.

 
 
 

 

 
Просмотрено: 14 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика