Астананың 20 жылдығы құрметіне отандасымыз Эвересті бағындырмақ - TOPpress.kz
%PM, %11 %530 %2018 %17:%апр

Астананың 20 жылдығы құрметіне отандасымыз Эвересті бағындырмақ

Альпинист Мақсұт Жұмаев Азияның ең жоғарғы нүктесі – Эверест шыңына шығып, Астананың туын көтермек ниетте.

Елорданың 20 жылдығына орай қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын экспедиция 10 сәуірде басталып, 28 мамырда аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мақсұт Жұмаев Астананың мерейтойына орай бұл қадамға екінші мәрте баруға бел буып отыр. Бұл жолы альпинист оңтүстіктен – Непал жақтан биіктігі теңіз деңгейінен 8848 метрді құрайтын шыңға шықпақ.

"Кез келген альпинист үшін Эверестке шығу – ерекше іс. Әрине, мұның оңай болмайтыны белгілі, ешкім де біздің тауға шыға алатынымызға, боранның және арктикалық төмен температуралардың болмайтынына кепіл беріп отырған жоқ. Суық та, аштық та болады, бірақ мен бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. Мен бұл оқиғаны еліміздің елордасының туған күніне қуана арнаймын. Отандастарымның мені қолдайтындарына сенемін", - деді Мақсұт Жұмаев.

Астана қаласы әкімдігі атынан алғысты Мақсұт Жұмаевқа мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов білдірді.

"Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында "Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады" - деп айтылған. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық беру даму үшін өте маңызды екені анық. Осы тұрғыдан да Мақсұт өскелең ұрпаққа жақсы үлгі боларлық азамат. Мақсұтқа Эвересті екінші рет бағындырып, оны Астанаға арнап отырғанына әкімдік атынан алғыс айтамын. Бұл қадамның әлемдік деңгейде қаламыздың мерейін нығайта түсетіні сөзсіз. Отандасымызға сәттілік пен үйіне аман-есен оралуын тілейміз", - деді Болат Мажағұлов.

Айта кетейік, Мақсұт Жұмаев құрлықтағы барлық ең биік шыңдарды бағындырған: Азияның ең биік нүктесі – Эверест шыңы (8848 м.); Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрус шыңы (5642 м.); Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро жанартауы (8848 м.).

Әлемнің ең биік нүктелеріне биіктігі теңіз деңгейінен 8000 метрден асатын тау шыңдары жататыны баршаңызға белгілі. Планетамызда ондай шыңдардың саны 14. Бұл шыңдардың барлығына әлем бойынша 20-дан астам спортшы шыққан, олардың бірі – қазақстандық Мақсұт Жұмаев.

Бүгінгі таңда отандасымыз қосымша оттегіні пайдаланбай әлемнің теңіз деңгейінен 8 мың метрден асатын ең биік 14 шыңын бағындырған жалғыз қазақ. 

Просмотрено: 15 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика