АҚШ Сүрия жерінен әскер шығару үшін 3 шарт қойды - TOPpress.kz
Вторник, 17 апреля 2018 10:20

АҚШ Сүрия жерінен әскер шығару үшін 3 шарт қойды

 

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ қарулы күштері Сүрия жерінен тек 3 түрлі шарт орындалғанда ғана шегініп шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Никки Хели сөзінде: «Сүриядан 3 шарт орыналмай тұрып шегінбейміз. Ең әуелі химиялық қару қолдануға жол бере алмаймыз; ДАИШ толығымен жойылуы керек; Сүрия жерінде Иранның бақылауында аймақтың болмайтынына көз жеткізуіміз керек», – деді.

Никки Хейли  CBS арнасына берген сұхбатында, Құрама Штат тарабы Сүрияға толықтай араласпайтынын, АҚШ әскерлерін барынша тезірек үйіне қайтаруға тырысатынын тек аталған үш шарттың орындалуы керек екенін айтқан.

 

 

Ақпарат qazaqtimes.com сайтынан алынды

 

Просмотрено: 101 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика