Қолданушының құпиясын сатпаған "Телеграм" Ресейден қуылды - TOPpress.kz
%AM, %17 %280 %2018 %11:%апр

Қолданушының құпиясын сатпаған "Телеграм" Ресейден қуылды

 

Ресейдің хабар, байланыс технологияларын бақылаушы Роскомнадзор жетекшісі Александр Жаров мәлімдемесінде, бақылаушы орынның Apple және Google компаниясынан Telegram желісін өшіруді талап еткен еді. Ал, өткен аптаның соңында Мәскеудегі сот Ресей Федерациясының территориясында Telegram желісін тоқтатуға шешім шығарды.

Аталған үкімді Мәскеудегі Таган аудандық соты шығарған. Telegram желісі үстінен сотқа жіберілген арызға, аталған әлеуметтік желінің Ресей Федералдық Қауіпсіздік Қызметіне цифрлы алгоритмнің кілтін бермегені себеп болған. Арыз беруші тарап аталмыш Роскомнадзор.

BBC хабарына сенсек, бұл шешім Мәскеу қалалық сотында да күшіне ие болып қалмақ. Аталған әлеуметтік желінің негізін салушы Павел Дуров сөзінде: «Қолданушылардың құпиясы сатылмайды. Адам құқығы қорқыныш пен ашкөздіктің алдында тапталмауы керек», – деген.

 

 

Ақпарат qazaqtimes.com сайтынан алынды

Просмотрено: 7 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика