Әлемдегі ең бай спортшы анықталды - TOPpress.kz
Пятница, 08 июня 2018 10:33

Әлемдегі ең бай спортшы анықталды

 

Forbes рейтингіне сәйкес, америкалық боксшы кіші-Флойд Мейвезер әлемдегі ең көп гонорар төленетін спортшылар тізімінде көш бастады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ агенттігі.

Мәлім болғандай, өткен жылы 41 жастағы спортшы 285 млн доллар табыс тапқан.

Бұл тізімде испаниялық «Барселона» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 111 млн доллармен екінші орында тұр.

Үшінші орынға мадридтік «Реалдың» португалдық футболшысы Криштиану Роналду орналасқан. Ол былтыр белді рейтингте көш бастаған еді. Осы маусымда португалдық 108 млн доллар ғана тапқан. 

Просмотрено: 177 раз

© 2016. TOPpress.kz - информационный портал, где собраны самые интересные и актуальные новости Казахстана и мира.
  Нашли ошибку?
Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
 
Яндекс.Метрика