Қазіргі жаһандық әлемде "экстремизм" мен "терроризм" термині БАҚ беттерінен әлі де болса түсе қойған жоқ. Әсіресе, аталмыш терминдер Ислам діні қанатын жайған өлкелерді ескергенде жиі айтылады. Мұның басты кесірі Ислам діні мен мұсылмандардың шынайы бет-пердесін қаралап үлгерді. Нәтижесінде экстремизм мен терроризге қарсы барлық мұсылмандар жаппай күресуде.
Осыған байланысты жуырда ғана Мысырда ардақты Мұхаммед с.а.у. пайғамбар туылған күнін мәуліт мерекесін атап өткен болатын. Мерекеде Мысыр басшысы Абдул Фаттах ас-Сиси сөз сөйлеп, қазіргі экстремизм мен терроризм дертіне қарсы күрес туралы біршама баяндама жасаған еді. Сол баяндамадан қысқаша үзінді ретінде оқырман назарына ұсынғалы отырмын.
Құрметті қатысушылар!
Расында Ислам бізге тура бағыт көрсеткен дін. Ислам дінде зорлық жоқ екенін басты назарға алады. Бұл қағида өзге дін өкілдеріне деген құрметт пен төзімділік сипатын насихаттайды. Алайда, мұндай қағиданы барлық мұсылмандар бірдей түсіне бермейді. Исламды терең бойлап білген әрі Мұхаммед с.а.у. пайғамбар жолымен жүргендер ғана халықтың арасында тыныштық орнатуға әрдайым жақын болады.
Өкінішке орай, бүгінде Исламды теріс бағытта түсініп, тәпсір ғылымын қайнарынан ауттырып, ортаңғы бағытты ұстанудың құп көрмей асырасілтеушілер бас көтерді. Олар өзге дін өкілдеріне дұшпандылық танытып, Исламды қаралап келеді. Осылайша мұндай топтағы мұсылмандар тек өздеріне ғана емес барлық мұсылмандардың атына дақ түсіріп, Құран мен пайғамбар с.а.у. сүннетіне қарама-қайшы әрекеттерге бой алдыруда. Салдарынан "терроризм" мен "экстремизм" деген терминдер асыл дінмен байланысып кетті.
Ендігі жерде біздің басты міндетіміз пайғамбар с.а.у.: "Барлық адам өз шаруасына жауапты" дегендей әр тұлға қоғамда өзінің орнын әрі жауапкершілігін нақты білуі тиіс. Әрбір адам қоршаған ортада өзін бейбітсүйгіш етіп ұстап, бұрыс діни көзқарастардың таралуына жол бермей, бұрмаланған діни қағидаларды жоққа шығару үшін нақты дәлел-дәйектермен сөйлеу керек. Осылайша біз Исламды керіағар ұстанымнан арашалап алып қалуымыз аса маңызды.
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Расында әр салада өз бағыты бойынша адами ахлақтың дұрыс қалыптасуы, ақылдың кең өрісті жұмыс жасауы кез-келген қоғамның ілгері дамуы мен өркендеуіне алып келері сөзсіз. Сол үшін мен ғұламаларды, қоғамдық қайраткерлерді, мәдениеттенушыларды, имамдарды осы бағытта елдің дамуына тиісті ықпалдарын тигізуге шақырамын. Сонымен қатар Исламды дұрыс насихаттап, оны адам арасындағы қарым-қатынастың жылытатын басты құндылық ретінденде қарастыру маңызды. Себебі, Ислам ол біздерген пайғамбардан с.а.у. қалған мирас. Она одар әрі ұрпаққа тиісті таза күйінде, қаймағын шайқалтпай жеткізу әрбір мұсылманның міндеті екенін ұмытпайық. Бұған қоса Исламды экстремизм мен терроризмді дертіне шалдыққандарға қарсы тұратын иммунитет ретінде де дұрыс пайдалана білуіміз керек.
Сондай-ақ, дін жолында күресетін тұлғаларға жаппай қоғам болып қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастырсақ оңды болады. Терроризм мен экстремизм секілді дертке қарсы тек аталмыш ғұламалар, мәдениеттенушылар мен қоғам қайраткерлеріне қол сілтеп отыруға болмайды. Бұл жерде ұжымдық жұмыс қажет. Қоғам болып біріксек қана аталмыш дерттің тамырына балта шабуымыз мүмкін болады.
Біз отанымызды, дінімізді, тілімізді сақтап қалу үшін барлық іс-шара ұйымдастыруға дайынбыз. Қарахалықтың көзін ашып, оларға діннің құндылығын түсіндіру тиіс. Исламның бейбітсүйгіш, адамдар арасында мейірім тарататын әрі халықтың ынтымағын көздейтін дін ретінде әрбір тұлғаның санасына құюымыз керек. Сонымен қатар адами болмысты қоғамдағы орнын бағалайтындай жүректерді тірілтуіміз маңызды. Бұл өз кезегінде адамдар арасындағы жеккеөрініш пен кесір әрекеттерге тосқауыл бола алады.
Сондықтан құрметті қатысушылар! Жер бетінде асыл пайғамбардай с.а.у. аса құрметті әрі көркем мінезіне тең келер ешбір тұлға болған емес. Ендеше сол кісіні күнделікті өмірде өзімізге мысал ретінде келтіре отырып, салған жолымен жүрейік. Өйткені, пайғамбар с.а.у. адамдар арасында мейірімділікті оятқан бірден бір тұлға. Сол үшін қандай да діни келеңсіздіктермен күресте пайғамбардың с.а.у. салған жолы біздер үшін қашанда үлгі болуы тиіс.
Жалғас АСХАТҰЛЫ – Дінтанушы