• Последние

Әйелдер арасындағы дін мәселелері жөніндегі профилактикалық іс-шаралар туралы

2019/11/27 11:17

Зверски убили 12-летнего мальчика: подростки зарезали подростка в Алматы

2026/06/12 10:55

Звезду “Великолепного века” и “Мисс Турцию” задержали по уголовному делу

2026/06/12 10:39

Женщина жестоко избила подростка и поставила на колени в автобусе

2026/06/12 10:26

Ушу в качестве средства коммуникации – в Астане прошла показательная программа китайского Ушу

2026/06/11 17:47

Доля МСБ в экономике Казахстана взлетела почти до 41% ВВП

2026/06/11 17:44

В Казахстане приняли план по улучшению благосостояния граждан до 2029 года

2026/06/11 17:40

«Фрукты по цене мяса»: астанчане удивлены стоимостью ягод на рынках

2026/06/11 15:52
Фото: Казахмыс

Предложения работников Южно-Жезказганского рудника рассмотрят в установленном порядке

2026/06/11 15:13

Новые ориентиры для ГМК: в Астане проходит международный конгресс AMM 2026

2026/06/11 14:26

Казахстанский студент погиб у побережья Италии

2026/06/11 14:05

Проректор Казахского национального университета спорта Александр Нефтисов: «Спорт — это не математика, тут думать надо»

2026/06/11 12:31

Итоги 2025 года: Минфин отчитался о выполнении всех соцобязательств перед казахстанцами

2026/06/11 12:09
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/12/10:57
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Әйелдер арасындағы дін мәселелері жөніндегі профилактикалық іс-шаралар туралы

by Алина Алиева
2019/11/27 11:17
in Казахстан
A A

Ағымдағы жылы 25-27 қараша күндері Алматы қаласында әйелдер арасында дін мәселелері жөнінде профилактикалық іс-шаралар кешені өтті. Алдын алу жұмыстары Дін істері комитеті бастамасымен жүзеге асрылды. Жұмысқа Рсепубликалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тартылды: Шамшат Әділбаева, Әлия Төлегенова, Толғанай Мустафина, Айша Кенесбай, Назерке Жетпісбай.

Жұмыс барысында мешіттердегі діни сауаттылық курстарының шәкірттерімен, дінге қызығушылық танытып жүрген білімгер қыз балалармен кездесулер ұйымдастырылды. Аталмыш профилактикалық кездесулерде мемлекетіміздің дін саласындағы саясатының негізгі қағидалары, діннің қазақстандық қоғамдағы орны, бүгінгі күндегі дін атын жамылған ағымдар мен ұйымдардың әрекеттерінің қауіп-қатері сөз болды. 

Осы тақырып аясында исламтанушы Шамшат Әділбаеваның пікірін білуге тырыстық.

Шамшат Амангелдіқызы, жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарында қазіргі уақыттағы ислам дінінің роліне және қазақ қоғамындағы ханифи мәзһабының орнына көп назар аударып жатасыздар… 

Кез келген халықтың мәдениеті, өмір-салты, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесінде діннің және соның негізінде қалыптасқан діни түсініктің алар орны ерекше. Ал, қазақ халқының діни санасының қалыптасуында ислам дінінің, оның ішінде сунниттік ханафи мәзһабының рөлі үлкен.Өкінішке орай, соңғы кедерге дейін қазақ халқының тарихындағы ислам дінінің рөлі тиісті деңгейде зерттелмегендіктен, көпшілік одан бейхабар қалды. Соның нәтижесінде кейбір «дін таратушы» білгірсымақтар қазақ жерінде ислам діні бұрын болмағандай, тәуелсіздік алғаннан кейін ғана келгендей етіп көрсетіп, сырттан алып келген түсініктерін «ең дұрыс түсінік» ретінде ұсынып, бұрынғы әдеттер мен түсініктерді мансұқтап, ел арасына бүлік салды. Әрине, тәуелсіздік алған жылдардағы елдегі діни сауатсыздықтың қалыптасуына дінге қарсы жүргізілгенжетпіс жылдық атеистік саясаттың ықпалы болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан Қазақстан тарихының жаңадан жазылуы барысында осы олқылықтың орны толтырылуы тиіс.

Орталық Азияда ислам берік орнамай тұрған кездері түрлі діндермен қатар, ханафилік кең тарамастан бұрын шииттердің, мұғтазилиттер мен шафиғилердің болғандығы белгілі. Алайда Қарахан патшасы Абдулкәрім Сатұқ Бұғра ханның 921 жылы сүнниттік ханафи бағыттытүркілер үшін ресми дін ретінде жариялауы нәтижесінде бұл аймақтарда ханафи мәзһабыкең тарай бастады. Әсіресе Мәуәрәннахр аймағында көптеген ханафи ғалымдары өсіп жетіліп, бұл аймақ ханафи мәзһабының орталығына айналды. Осы кезеңдерден бастап біздің бабаларымыз ханафи мәзһабын ұстанып, Ислам мәдениетінің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосты. Солардың бірқатарын ғана атап өтейік. Мәселен, күллі түркі жұртының мұысылмандықты қабылдауында ерекш орны бар«Пир-и Түркістан» (күллі түркі жұртының пірі) атанған Иассауи бабамыздың осы ханафи мәзһабын ұстанғанын айта кетуге болады.Әрине, Ахмет Иассауи бабамыздың қай мәзһабты ұстанғанына қатысты әр түрлі пікірлер айтылғанымен, мен өз басым Имам Ағзам мәзһабын ұқстанған деген пікірді қолдаймын. Өйткені мұны қуаттайтын айғақтар аз емес. Мәселен хикметтерінің Қазан баспасында ханафилікті ұстанғандығына қатысты өлең жолдары бар. Сонымен қатар оның ұстазы Жүсіп Хамаданидің де ханафи мәзһабын ұстанғандығына қатысты мәліметтер бар.

-Қазіргі таңда ислам атын жамылып жатқан ағымдардың, мәзһаб туралы түсінікті бұрмалау туралы пікіріңіз қандай?

Өкінішке орай, қазіргі кезде жоғарыда сөз еткенімізді көпшілік біле бермейді. Әсіресе шет елдерде жартылай сауаттанып келген кейбір жастар имандылыққа қарқынды түрде бет бұрып келе жатқан момын хақымызды бүлікке бастап, ата-бабалырымыз мүлдем жатсынбастан ғасырлар бойы ұстанып келген, ғылыми негізде қалыптасқан осы бағыттағы түсінігімізді адасушылықпен кіналап, жастарымызды өз саптарына қосуға жанталасып жатқаны өкінішті құбылыс. Ал соңғы жылдары қоғамымызды дүр сілкіндерген террорлық актілер мен кешегі Сирияға аттанған жастар қоғам тыныштығы мен тұрақтылығына қатер төндіруде.

Әлем жұртшылығының назары қазіргі таңда мұсылман елдеріндегі оқиғаларға ауып, ислам діні көп жағдайларды экстремизм және терроризм секілді жағымсыз, исламның негізгі рухына жат терминдермен қатар аталып, әлемдік деңгейдегі қоғамдық санада Исламға қарсы жиреніш туындауда. 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан бері батыста жүргізіліп жатқан кең көлемді қоғам санасын монипулациялау нәтижесінде қазіргі кезде Исламға оң қабақ танытпайтындардың саны 50 пайызға жақындап қалған. Бұл өз кезегінде жахандық басқаруды қолында ұстағысы келетін күштердің ұзақ мерзімдік стратегиясының жеміс бергендігін көрсетеді. Осы жағдайлар қоғамдағы миссионерлік әрекеттерді тасада қалдырып, жұртшылық назарын арнайы, жасырын күштер тарапынан басқарылып отырған «исламдық» топтардың іс-әркеттеріне аударып жіберді. Қазақ жұртын толықтай евангелизациялауды көздеген миссионерлік ұйымдар үшін бұл өте қолайлы жағдай жасап беруде. Миссионерлік әрекеттердің ел бірлігіне қаншалықты қауіпті екеніне Африка және Оңтүстік Кореяның христиандануы жақсы үлгі бола алады. Мәселен, 1900 жылдардың басында Африка халқының 7% христиандықты қабылдаса, 100 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 55% жеткен. Папуа-Жаңа Гвинея секілді елдерде бұл көрсеткіш 11-ден 95% жеткен. Ал Оңтүстік Кореяда ХХ ғасырдың екінші жартысында протестанттардың евангелизациялау саясатының нәтижесінде сан ғасырлар бойы буддизм мен дәстүрлі культтерді ұстанып келген кәріс халқының 30 пайызы христиандыққа өтіп кеткен. Өкінішке орай біз бұл мәселенің діни тұтастығымыз үшін қаншалықты қатерлі екенін естен шығарып алғандаймыз.

Әрине, бұл исламның атын жамылып, өз саяси-идеологиялық пиғылдарын жүзеге асырғысы келетін топтардың әрекеттерін елемеу керек дегенге келмейді. Ел зиялылары мен дін мамандары шынайй діни құндылықтар мен дінді құрал еткен діни әрекеттердің ара-жігін ажыратып беріп, ұдайы ағартушылық шараларын жүргізуі қажет.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share