Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (3-1-1, 0 КО) кәсіби рингтегі алтыншы айқасын өткізді, деп хабарлайды Holanews.kz.
Тихуанадағы (Мексика) бокс кеші аясында жергілікті боксшы Вероника Вальтиеррамен (0-1) жұдырықтасып, екінші раунтта Сатыбалдинова техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Қазақстандық төртінші жеңісіне қол жеткізсе, ал оның қарсыласы өз мансабында екінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, шетелдік журналистер Сатыбалдинованы соққысының қуаты бойынша танымал отандасы – қазақстандық Геннадий Головкинге теңеп, оны «әйелдер арасындағы GGG» деп атайды.