2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық кәсіпорындар жиналған және өңделген ҚТҚ және автокомпоненттердің қалдықтары туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Toppress.kz.
Өндірушілердің (импорттаушылар) кеңейтілген міндеттемесіне таралатын қаптама қалдықтарын жинаған және қайта өңдеген кәсіпорындарға Оператор тарапынан 4,74 млрд теңге өтемақы төленді. Жиналған және өңделген қаптама және электроника қалдығы жалпы көлемі 161 627 тонна.
2017-2019 ЖЫЛДАРЫ ЖИНАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕЛГЕН АВТОКОМПОНЕНТ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ
Оператор тарапынан пайдаланылған автокомпонент (шина, АКБ, автокөлік майлары) қалдықтарын жинау және қайта өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жиналған және қайта өңделген автокомпонент қалдықтарының көлемі 167 мың тонна құрап отыр. Өңдеуші кәсіпорындарға 5 млрд теңге шамасында өтемақы берілді.
Сондай-ақ, Қазақстанда ескі автокөліктерді жинау және қайта өңдеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда тозығы жеткен 116 540 көлік құралы кәдеге жаратуға қабылданды. 97 240 автокөлік қайта өңделді. Ескі көлігін жоюға тапсырғандарға 11 млрд теңгеден астам өтемақы төленді және отандық жаңа автокөліктерді сатып алу үшін 19 395 жеңілдік сертификаттары берілді.
ӨКМ Операторы Қазақстанда қалдықтарды жинау және қайта өңдеумен айналысатын 60-тан астам кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңдеу саласында 8 кәсіпорын іске қосылды, олар пайдаланылған майларды, ПЭТ, тозығы жеткен шиналарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысады.
Опе