Астанадағы перзентханада бесінші келіншек көз жұмды

Астанада №1 қалалық перинаталдық орталықта 35 жастағы келіншек босанып жатқан кезінде көз жұмды. Марқұмның сәбиі тірі, деп жазды 31 арна.

Бүгін-ертең шілдехана жасаймыз деп дайындалып отырған отбасы қазір қайғыдан қан жұтып отыр. Туыстарының айтуынша, бұған дейін 2 баласын еш қиындықсыз босанған Әлфияның бұл жолғы жүктілігі де ауру-сырқаусыз өтіпті. Алайда, бәрі перзентханаға жатқанда басталған.  

«Ауруханаға барды, 4 күн жатты. 1-ші күні укол салады, 2-ші күні әні босанады, міне босанады деп. Тура 1 қыркүйекте қайтыс болды. Балам 1-ші сыныпқа барған кезде»,-дейді марқұм Ә.Спабекованың жұбайы Талғат Жолымбеков.

Талғаттың айтуынша, соңғы рет концерт басталды деп СМС жазды дейді.

Толғақ басталды дегені болар. Перзентхананың астында күткен абысыны келінінің хәлі нашар екенін ешкім айтпады деп зар еңіреп отыр.

«Сағат 7-ден кейін не болғанын біз білмейміз. Сағат 9-да қайтыс болған. 2 сағаттың ішінде не істеді оған? Қиналып бара жатса кесіп алмайды ма баланы? Болмаса өзінің жанын алып қалмай ма?!», дейді марқұм Ә.Спабекованың жеңгесі Нәзира Жолымбекова.

Бұл сұрақтарға жауап береді деген 1-ші перинаталдық орталықтың өкілдері де, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары да тіс жармады. Бір ғана медициналық ұйымда айналасы 4 айдың ішінде 4 ана босанып жатып қайтыс болып жатса да бейқам.

Мәйітхана берген мынау анықтамада өлімнің себебі «Шарананың айналасындағы сұйықтық эмболиясы» деп жазылған. Бұл алдын ала болжам ғана. Зертханалық сараптамалар нәтижесінде нақтысы белгілі болмақ.

Айта кетерлігі, бұл - жыл басынан бергі осы перзентханадағы бізге белгілі 5-ші ана өлімі. Осындай жаға ұстарлық жағдайдан кейін де дәрігерлер мен шенеуніктер аталған мәселеге қатысты түсінік беруден бас тартып отыр. 

04.09.2018 12:15

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика