Құрдасын өлтірген «Алтын белгі» иегері қалай қылмыс жасағанын айтып берді

Құрдасын өлтірген «Алтын белгі» иегері қалай қылмыс жасағанын айтып берді

Құрдасын өлтірген «Алтын белгі» иегері қалай қылмыс жасағанын айтып берді

Ақтөбеде құрдасын пышақтап өлтірген "Алтын белгі" иегеріне қатысты сот өтіп жатыр. Мектепті үздік бітірген түлекке қасақана адам өлтірді деген айып тағылды. Бозбалалар арасындағы жанжалға би кешіндегі түсініспеушілік себеп болған, деп хабарлайды Holanews.kz сайты.

Сотталушының жасы небәрі 17-де. Бірақ тағылған айып ауыр. Халықаралық білім додаларынан топ жарып, биыл ғана "Алтын белгі" иегері атанған оның қылмысқа барғанына жақындары тұрмақ, өзінің де сенгісі жоқ.

Оқиғаның басы мектеп бітіру кешінде басталған. Билеп жүріп қатарласы Азат Дүсіповтың аяғын басып кетеді. Бұған ашуланған бозбала оның соңынан қалмай, әлеуметтік желі арқылы маза бермейді.

Екі-үш күн өткеннен кейін Азат Дүсіпов инстаграмға менімен сөйлескісі келетінін айтып жазды. Мен не үшін екенін түсінбей сұрадым. Содан кейін ол маған аяғын басым кеткендігім үшін жауап беруім керектігін айтты. Мен ондай-ондай болып тұратынын айтып, кешірім сұрадым. Бірақ ол кездесейік деп қоймай қойды.

Кездесу аттестат тапсыру рәсімі өткеннен кейін саябақта өткен. Бірақ саябақта адам көп болған соң, олар дұрыс сөйлесе алмайды. Кейін көшеде кездесіп, төбелеседі. Сол кезде пышақ сілтеуіме тура келді дейді сотталушы. 

Бекназ алдымен досын үйіне дейін шығарып салатынын, кейін келіп онымен сөйлесетінін айтқан. Алайда Дүсіпов оған көнбей, жігітті қолынан сүйреп ағаштардың арасына алып кетеді. Ал достары сол жерде қалады. Азат болған оқиғаны Бекзаттың есіне салып, оны боқтай жөнеледі. Сондай-ақ оны бетінен ұрады.

Бекназ Кеңшіліктің айтуынша, Азат оның шешесі туралы қорлық сөздер айтқанда шыдамай кеткен. Нәтижесінде ашуға булыққан ол пышағын шығарып, Азатқа сұғады.

17 жастағы бозбала жүрегіне тиген пышақ жарақатынан көз жұмады. Айыпталушының оны қасақана өлтірмедім деп ақталғанына қарамастан, қара жамылған ата-анасының кешірім бергісі жоқ, деп хабарлады КТК.

"Бөтен адамды қасақана қазаға ұшырату мақсатында, Дүсіповтің кәмелетке толмағанын біле тұра, спорттық күртешесінде өзімен бірге алып жүрген жиналмалы пышақты алып шығып, сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, денсаулығына ауыр зиян келтірген", — деді мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатов.

Бұған дейін сотталушыға қылмыстың ауырлығына байланысты істің төрелігін қазылар алқасының қарауына жіберуді ұсынған еді. Бірақ ол одан бас тартты. Енді оның құқығын ата-анасы мен қос адвокат қорғауда. Ал куәгерлікке тартылатындардың дені биыл ғана мектеп бітірген түлектер.  

05.09.2018 13:31

Подписывайтесь на наш

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
Рекомендуемые новости

BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика