Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы «қара қар» мәселесіне назар аударды

Қарағандының өнеркәсіп орындары жыл сайын ауаға 600 тоннадан астам зиянды заттар шығарады. Аймаққа жұмыс сапары барысында өңірдің экологиясы жайлы сөз қозғаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев экологияны жақсарту қажеттілігі басты назарда екендігін айтты, деп  хабарлайды Baq.kz.

Қарағанды өңіріндегі өнеркәсіп орындарының ауаға зиянды заттарды көптеп шығаруы ауа сапасының нашарлап кетуіне әкелген болатын. Қоршаған ортаны ластанудан қорғауға шақырған Елбасы, Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынының экологияны жақсартуға қаржы бөлуі керектігін айтты.

«Аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындары ауаға бір жылда 600 мың тоннаға жуық залалды заттар шығарады. 600 тонна дегеніңіз республика бойынша атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың төрттен бір бөлігі. Теміртауда тіпті қара қар жауыпты. Комбинат инвестицияға қомақты қаржы бөледі деп естідім. Экологияны жақсартуға да қаржы бөлінеді деп ойлаймын», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент облыс әкімдігіне Үкіметпен бірлесе отырып, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде кешенді шараларды іске асыруды тапсырды.

Еске салайық, өткен қыста теміртаулықтар қалаға «қара қар» жауғанын айтып, экологиялық ұйымдарға шағымданған болатын. Олардың пікірінше, «қара қардың» жаууына қала іргесіндегі металлургиялық комбинаттың ауаға зиянды заттарды көптеп шығаруы себеп болған.

 

07.09.2018 09:17

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика