Жеңіл автомобильдер бойынша кеден заңнамасының талаптары түсіндірілді

Кеше Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен «Жеңіл автомобильдер бойынша кеден заңнамасының талаптары» тақырыбында брифинг болып өтті. Аталған жиында Еуразиялық экономикалық одақ елдері яғни, Армения, Беларуссия, Ресей, Қырғыстан және де өзге де шет елдерден әкелінетін автомобильдердің рәсімделуі, оларға қойылатын талаптар туралы сұрақтарға жауап беріліп, жеңіл аттомабильдер бойынша кеден заңнамасының талаптары таныстырылды. Брифингте сөз алған Мемлекеттік кірістер комитеті Баскарма басшысы Тыныбеков Болатбектың айтуынша, бүгінгі таңда көпшілік қауым сырттан жеңіл автомабильдер әкелу және оның жолдары мен мүмкіндіктерін білуге аса қызығушылық танытуда.

Үшінші елдерден әкелінетін автомобильдерді шетелдік азаматтардың өздері әкелген жағдайда, мемлекетке қандайда бір төлем төлеуге міндеттелмейді. Мысалы, біздің елде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар өз көліктерімен келген жағдайда оларға бір жыл көлемінде ешқандай төлемсіз жүру мүмкіндігі қарастырылған. Бір жылдан асқаннан кейін бекітілген ереже бойынша төлем төлеуге тиіс. Бұл жүйенің біздің елде қолданылып келе жатқанына 8 жылға жуық уақыт болды,-деді Басқарма басшысы.

Ал ЕАЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары көліктерін Қазақстанға кіргізу үшін бір жылдық  қаржылық кепілдік төлеуі тиіс. Бұл туралы жиында Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшы Айбек Үйсінбаев айтты.

−Қырғызстанда 2014 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін ал, Арменияда 2014 жылдың 10-шы қазаннан бастап, 2020 жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі аралықта рәсімделген автомобильдер шетелдік тауарлар болып есептеліп, кедендік бақылауға жатады. Ескеретін жайт, қырғызстандық немесе армениялық азаматтар ғана біздің елге автокөліктерін уақытша әкеле алады. Ал біздің қазақстандық азаматтар Армения мен Қырғызстанда рәсімделген автомобильдерді әкелуі үшін баж салығындағы айырмашылықты төлеуі қажет. Бұл елдерде автокөліктердің кедендік салығы біздің елмен салыстарғада арзанға түседі. Соған сай, Армения мен Қырғыстаннан келген көліктерді рәсімдеу үшін екі ел арасындағы баға айырмашылығы төленуі тиіс. Мысалы, Қырғызстанда бір көліктің құны 1000 еуро болады десек, оның біздің нарықтағы бағасы 2000 еуро тұратын болса, арадағы айырмашылық 1000 еуроны сатып алушы иа болмаса рәсімдеуші төлеуге тиіс болады, - деді А.Үйсінбаев.

07.09.2018 10:40

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика