Көз жұмған дәрігерге құжатсыз үй берілген

Алматы облысында 2016 жылы 27 қаңтарда құлаған санитарлық авиация ұшағында қайтыс болған дәрігерге берілген үйдің құжаттары жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

Апатқа ұшыраған ұшақта болған гемотолог-дәрігер Бақытгүл Қайсанованың жақындарына әкімшіліктен берілген бір бөлмелі пәтерден айырылып қаламыз ба деп алаңдаулы.

25 жыл дәрігерлік қызмет атқарып, облыстағы жалғыз гемотолог болған Бақытгүл Қайсановаға баспана тек қайтыс болғанда берілген. Тірі кезінде ол кішкене қызымен бірге пәтер жалдап өмір сүрген.

Туыстарының мәселені көтеруінің арқасында Алматы облысы әкімдігі биыл жеті жасқа толған марқұмның жалғыз қызына мұрагерлік қағазын дайындап бастаған.

Айта кетейік, 2016 жылы қыста болған тікұшақ апатында бес адам қайтыс болған. Олар Үшарал қаласындағы екі айлық сәбиді Талдықорғанға жеткізуге шыққан. Алайда жолда ұшақ апатқа ұшыраған.

07.09.2018 17:35

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика