Менің мақсатым жеңу, қалғаны өз қолыңызда

Менің мақсатым жеңу, қалғаны өз қолыңызда

Менің мақсатым жеңу, қалғаны өз қолыңызда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кезду барысында түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Cені қыркүйекте өте маңызды кездесу күтіп тұр. Барлық қазақстандықтың атынан саған сәттілік тілеймін. Қазақстандықтар сенің барлық жекпе-жегіңді мұқият қарайды. Біз сені мақтан тұтамыз. Бұл жастар үшін және тәрбие көрсету үшін өте маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Менің мақсатым жеңу, қалғаны өз қолыңызда", - деп күлді боксшы. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Головкинге "Қазақстан Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың" орденін табыстады. Еске сала кетейік, мұның алдында маусым айында Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйлаған болатын. "Елімізді таныту үшін бар күшімді сарп етемін. Орайы келсе, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Халқымыз осындай үлкен сауыққа лайық. Мұндайды көру барлығына қызық болады деген ойдамын", - деген еді Головкин.

13.09.2018 11:05

Подписывайтесь на наш

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
Рекомендуемые новости

BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика