Ауа райы болжамы: 4 облыста үсік жүреді

Ауа райы болжамы: 4 облыста үсік жүреді

Ауа райы болжамы: 4 облыста үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, 14 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. СҚО фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді. ОҚО оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.

14.09.2018 08:17

Подписывайтесь на наш

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
Рекомендуемые новости

BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика