ШҚО көмір өзіндік құнынан 6 есе қымбат бағамен сатылуда

ШҚО көмір өзіндік құнынан 6 есе қымбат бағамен сатылуда

ШҚО көмір өзіндік құнынан 6 есе қымбат бағамен сатылуда

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетовтің айтуынша, облыста көмірдің бағасы өзіндік құнынан 6 есеге қымбатқа саудаланып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бұл – сұмдық қой. Біз осы мәселелерді көтеріп, жоғары жаққа айтып та, жазып та жатырмыз. Бір нәтиже шығар деген үміт жоқ емес. Сондай-ақ, біз «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы несие алып, оны қайтара алмай жүргендердің мәселесімен мықтап шұғылданып жатырмыз. Аталған бағдарлама кемшіліктермен әзірленген. Өкінішке қарай, облыста өз несиесін жаба алмаған үш кісі өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасқанын айтқым келеді. Сондай-ақ, коммуналдық төлемдердің жыл санап негізсіз өсуі, азық-түліктің қымбаттауы сынды мәселелер – ұдайы біздің назарымызда», - дейді Қазақстан халықтық коммунистік партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов.

2004 жылы құрылған Қазақстан халықтық коммунистік партиясының облыстық комитеті қазіргі қоғамдық өмірге белсенді қатысуда. Ел Парламентінде партияның жеті депутаттан тұратын өз фракциясы бар. Шығыс Қазақстанда Зырян аудандық мәслихатында екі, Риддер қалалық мәслихатында бір депутат – партия мүшелері.

14.09.2018 12:03

Подписывайтесь на наш

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
Рекомендуемые новости

BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика