Астанада «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өтеді

Астанада «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өтеді

Астанада «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өтеді

Құрметті әдебиетсүйер қауым! Сіздермен тамаша жаңалықты бөліскім келіп отыр!

Соңғы уақыттары бүгінгі қазақ әдебиетінің қал-ахуалы туралы әр-түрлі пікірлер айтылып жүр. «Ел әдебиетін қайтсек әлемге танытамыз?» деген мәселе де әлі күнге өзектілігін жоймай келеді. Өзге мемлекеттердің біздің әдебиетіміз туралы қаншалықты хабары бар? Әдебиетіміздің әлеуетін көтеру үшін қандай қарекетке барған жөн? Бұл ретте халықтардың да бір-бірімен мәдени һәм әдеби байланыс орнатуы да әдебиеттің жаңа сипаттармен толысуына жол ашатыны сөзсіз. Міне, осындай әдебиеттің айналасындағы өзекті мәселелерді ауқымды түрде талқылауға үлкен мүмкіндік туып тұр. Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 20-21 қыркүйек күндері аралығында «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өткізілмек. Бұл дегеніміз, Еуразия құрлығының белді қаламгерлері лек-легімен Астанаға ағылмақ деген сөз. Оның ішінде Ұлыбритания, Германия, Ресей, Қытай, Түркия, Латвия, Венгрия, Польша, Молдова, Армения, Украина, Болгария, Моңғолия, Азербайжан және өзге де мемлекеттердің қаламгерлері бар. Бұндай үлкен форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып Елордамызда өтпекші екен. Араға жарты ғасырға жуық уақыт салып өткізілгелі отырған үлкен, ауқымды форумнан қалыс қалмассыздар деп үміттенемін. Форумның бағдарламасы төменгідей! Жасасын, Әдебиет!

20 қыркүйек
Сағ.10.00 де форумның салтанатты ашылу рәсімі. 
«Әдебиет және жаһандық мәселелер» және «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» тақырыптары бойынша пленарлық отырыс.
«Заманауи Еуразиялық әдебиет» атты кітап көрмесі. 
Өтетін орыны: Тәуелсіздік Сарайы. (Тәуелсіздік даңғылы, 52.).

21 қыркүйек
Сағ.10.00 мен 13.00 аралығында 4 секция бойынша: 
1.«Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер»,
2.«Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер»,
3.«Драматургияның өзекті мәселелері», 
4.«Қазіргі аударма ісінің хал-ахуалы» тақырыптарында басқосулар.

Қосымша: 
Форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран жазушыларының қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойылады.

Өтетін орыны: «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғ. 15.

14.09.2018 15:29

Подписывайтесь на наш

поделиться

Комментарии
Комментариев нет

Рекомендуемые новости

BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика