Қазақстандық фармацевтикалық өнімдер халықаралық ұйымдарға таныстырылады

Қазақстандық фармацевтикалық өнімдер халықаралық ұйымдарға таныстырылады

Қазақстандық фармацевтикалық өнімдер халықаралық ұйымдарға таныстырылады

Қырғыз Республикасының Ош қаласында қазақстандық өңделген өнімді гуманитарлық сатып алу нарығында кеңінен таныстыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға және сатып алу компанияларына көрсету мақсатында «MedExpo Yug» халықаралық мамандандырылған көрмесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі.

Көрмеге 5 қазақстандық фармацевтикалық өнімді өндіруші: «Dolce» ЖШС, «Planta» ЖШС, «Juldyz Kenan Co.LTD» ЖШС, «ТК ФАРМ АКТОБЕ» ЖШС және «Химфарм» АҚ қатысады. Осы іс-шара шеңберінде UNDP, БҰҰ, USAID, OCHA  сияқты және басқа да көптеген халықаралық гуманитарлық ұйымдар үшін отандық фармацевтикалық өнімнің таныстырылымы жоспарланып отыр. Көрме жұмысы барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілі Ануар Бейсеков: «MedExpo Yug Орталық Азияның барлық өңірінен импорттаушылар мен сатып алушыларды жинап жатыр, бұл қазақстандық компанияларға қырғыз сатып алушыларымен байланыс орнатып қана қоймай, өз өнімін басқа елдерге экспорттауға  мүмкіндік береді», - деп  атап  өтті.

19.09.2018 13:30

Подписывайтесь на наш

поделиться

Комментарии
Комментариев нет

Рекомендуемые новости

BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика