Головкиннің алғашқы жеңілісіне "кінәлілер" анықталды

Сарапшы Эл Бернштейн, Showtime телеарнасының комментаторы және ESPN маманы Дэн Рафаэль GGG мен "Канело" арасындағы  екінші жекпе-жегінің шешіміне келіспейтіндерін айтты, - деп жазады Vesti.kz. Мамандар шешуші 12-раунд бойынша екі төрешінің ұпайларымен келіспеді. Екі төреші де 12-раундта GGG жеңді десе, кездесу тең аяқталатын еді. Жекпе-жектің басқа бөлігін айтпағанда, 12-раунд шешуші болды. Меніңше, "Канело" ол кезде ешқалай басым болмады. Головкин нақты және күшті соққыларды көбірек жасады", - деп жазыпты Бернштейн. "Головкин 12-раундта басым болғанын бәрі біледі. Мұнда ешқандай сұрақ жоқ", - деп Том Леффлер жалғастырған. "10 миллион пайыз беремін, 12-раундты Головкин жеңді", - деп қостады Рафаэль. Айта кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен 16 қыркүйекте өткен реваншта жеңіліп қалған болатын. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114. Головкиннің барлық титулы Альвареске өтті - орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белдіктері. Мексикалық боксшыға The Ring чемпиондық титулы да бұйырды, журнал оны Альварестен тартып алған болатын.

24.09.2018 11:45

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
BAROMETR
Астана ℃
Яндекс.Метрика