Түркістанда ер азамат көңілдесін өлтірді

Түркістанда 40 жастағы әйелді өз пәтерінде көңілдесі сынған бөтелкені денесіне бірнеше рет сұққылап, азаптап өлтірген, деп хабарлайды Nur.kz.

18 қыркүйек күні пәтерден денесі тілімделген әйелдің мәйіті табылған.Тәртіп сақшылары жүргізген тергеу нәтижесінде 1977 жылы туған Нұржан есімді Түркістан қаласының тұрғыны ұсталыпты. Күдікті бірден өз кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, 18 қыркүйек күні ол көңілдесінің үйіне барып, екеуі ішімдік ішіп, көңіл көтерген. Екеуара әңгіме барысында масайып алған әйел ашынасын "басқа нақсүйерің бар" деп кінәлап, өзіне басқа көңілдес еркек іздейтіндігін жайып салған. Көңілдесінің бұл сөздеріне шыдай алмай, қаны қарайған Нұржан қолындағы арақтың бос шөлмегімен әйелдің басынан ұрады. Сынған шынымен ашынасының мойнына, арқа тұсы мен санынан бірнеше рет соққылайды. Алған дене жарақаттарынан әйел сол жерде тіл тарптай кетеді.

"Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдіктіні екі ай мерзімге қамау туралы санкция берілді. Оның үстінен ҚР ҚК нің 99 бабы, 1-ші бөлігі, "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды Түркістан қаласының тергеу сотының судьясы Қосмұратов.

04.10.2018 15:10

поделиться

Комментарии
Комментариев нет
BAROMETR
Астана 1℃
Яндекс.Метрика